Ақтау маңында аққулардың өлексесі табылды

147

Ақтау қаласына жақын орналасқан Сайын Шапағатов ауылында аққулардың жаппай қырылуы тіркелді.

Ақтау маңында аққулардың өлексесі табылды Фото: Қанат Майлыбаев

Каспий теңізінің жағалауынан өлі құстарды режиссер Қанат Майлыбаев байқап қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Майлыбаевтың айтуынша, құстардың өлексесі табылған жерге адамдар сирек баратын көрінеді: маңайда тұрғын үйлер жоқ, ал су деңгейі едәуір төмендеп кеткендіктен, жағалауға жету қиындаған.

"Бәлкім, ол жерге ешкім бармайтын шығар – жақын маңда үйлер жоқ. Мен бірде-бір адамды кездестірмедім. Оның үстіне, су қатты тартылып кеткен, мүмкін, сондықтан адамдар ол жаққа бармайтын болар", – деді Қанат Майлыбаев.

Ол жануарлардың қырылу мәселесіне Қазақстанда ғана емес, Каспий маңы елдерінде де назар аударту үшін деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу