Ақтау маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқан бір адамның аты-жөні анықталды

201

Қазіргі уақытта ауруханада 20 науқас дәрігерлердің бақылауында.

Ақтау маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқан бір адамның аты-жөні анықталды Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының сағат 10:30 дағы мәліметі бойынша ауруханаға келіп түскен барлық пациент ҚР ДСМ диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, тергеу органдары 2 пациенттің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Бір адамның Әзірбайжан азаматтығы бары анықталды. Сондай-ақ, санитарлық авиация желісі бойынша Астана қаласынан Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының және жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келді. 

Жоғарыда аталған мамандардан басқа, Әзірбайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасы келді. Барлық зардап шеккен науқастарға тексеру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ зардап шеккендермен және олардың туыстарымен психологтар тобы жұмыс істеп жатыр. ​

Бүгін 26.12.2024 жылы таңертең Ақтау уақытымен сағат 08:30-да Ресей Федерациясының ТЖМ орталық аппаратының санитарлық авиация борты ресейлік азаматтарды эвакуациялады. ​Қазіргі уақытта ауруханада 20 науқас бақылауда, оның алтауы реанимацияда: 5-і МОБ ЦОР-да және 1-і Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының реанимациясы бөлімінде. МОБ ЦОР-дан 2 пациент травматология бөлімшесіне ауыстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу