Ұшақ апатынан зардап шеккен үш қырғызстандық естерін жиды

203

Қырғызстан билігі оларды тасымалдауға ұшақты дайындап, дәрігерлердің шешімін күтіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұшақ апатынан зардап шеккен үш қырғызстандық естерін жиды Фото: gov.kz

Есін жиған қырғызстандықтың есімі – Ерлан Жүнушалиев. Оған компрессиялық сыну диагнозы қойылды және көптеген көгерген жерлері бар.

"Қатты соққы алдым. Мен ес-түссіз қалдым, сондықтан құтқарушылардың қашан келгенін байқамай қалдым", – дейді ол.

Оның айтуынша, ұшақ аударылғандықтан, жолаушылар төңкеріліп жатқан. Құтқарушылар зардап шеккендерді қауіпсіздік белдіктерінен босатып алып шыққан.

Ал тағы біреуі – Тілек Османов. Оң қолы сынған және денесі көгерген.

"Ұшақта ұйықтап қалдым, бір кезде у-шу басталып, бірден ояндым. Апатқа дейін саналы түрде отырдық. Нұсқауларды тыңдадық. Кейін апат болып, досым екеуміз көзімізді аштық. Арнайы форма киген адамдар маған шығуға көмектесті", – деді ол.

20 жастағы Ринат Асанов та есін жиды. Енді дәрігерлер үш жігітті еліне қайтармақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу