Облыстық көпсалалы аурухананың хабарлауынша, жарылыс орнынан зардап шеккендер қазіргі уақытта реанимацияда жатыр.
"Олардың жағдайы өте ауыр деп бағаланады", - деп атап өтті дәрігерлер.
Олардың бірі 1981 жылы, екіншісі 1989 жылы туған.
"1989 жылы туған жәбірленуші басына, бетіне және мойнына термиялық күйік алған. Екі адамның денесінің 15 пайызын күйік шалған. 1981 жылғы зардап шегушіде бас миының жарақаты, оң жіліншіктің, оң иықтың үшінші дәрежелі термиялық күйіктері бар", - дейді аурухананың баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу