Ақтауда цистерна жарылып, денесі күйіп қалған жігіт ауруханада қайтыс болды

591

Маңғыстау облыстық ауруханасына цистернаның жарылуынан зардап шеккен 1989 жылы туған азамат қайтыс болды. Маңғыстау облыстық ауруханасы науқастың алған күйіктерінен қайтыс болғанын растады.  

Ақтауда цистерна жарылып, денесі күйіп қалған жігіт ауруханада қайтыс болды Фото: lada.kz

"Өкінішке орай, күйік шалып түскен екі науқастың бірі қайтыс болды. Екіншісі 1981 жылы туған азаматтың жағдай әлі де ауыр. Оның ми жарақаты, оң жіліншік пен оң иықтың 3-дәрежелі термиялық күйіктері бар. Дәрігерлер науқастың жағдайын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда", – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері.

Естеріңізге сала кетейік, Мұнайлы ауданы Дәулет ауылында орналасқан "BBJ GROUP" ЖШС көлік компаниясының базасында жанар-жағармай құйылған цистерна жарылды. Нәтижесінде екі адам зардап шекті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу