Оның айтуынша, Әзербайжан әуе жолдарының құлаған ұшағын тергеуге 8 адамнан тұратын түрік мамандары тобы қатысады.
Сараптама комиссиясы Әзербайжан Мемлекеттік азаматтық авиация агенттігінің өтініші бойынша құрылған.
– Біз техникалық және операциялық талдау жүргізіп, қажетті қолдау көрсетеміз. Біз құзырлы органдармен келісе отырып, оқиғаның толық мән-жайын анықтап, нәтижелерін хабарлайтын боламыз, – деді ол.
Оралоглу делегацияның 27 желтоқсан күні кешке Бакуге аттанғанын айтты.
– Түркия кез келген жағдайда Әзірбайжанды қолдайды, – деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу