Ақтау мектептерінде сабақ 30 минутқа қысқарды

649

Ақтау мектептерінде жылу жоқ. Салдарынан сыныптардың іші салқындап кетті. Мектепте оқушылар сырт киіммен оқуға мәжбүр.  

Ақтау мектептерінде сабақ 30 минутқа қысқарды Фото: liter.kz

№9 мектеп оқушыларының ата-аналары білім ошағында мұндай жағдай жиі қайталанатынын алға тартты.

"Қазір қала бойынша мектептерде жылу жоқ. Ал бұл мектепте жылыту мәселесі үнемі өзекті. Жылу төртінші қабатқа жетпей қалады. Сыныптағы төмен температураға байланысты балалар сабақта куртка киіп отырады. Сол себепті мұғалім балаларды үйге ертерек жібереді. Бұл әлеуметтік нысан. Мәселені жергілікті билік шешуі керек",- деп ренішін білдірді ата-аналар.

Ғимараттарда жылудың болмауы балабақша балалардың ата-аналарын да ашуландырды.

"Менің балам жақында аурудан жазылды. Енді балабақшада жылу жоқ, тағы ауырып қалады деп алаңдап отырмын. Тобы суық. Ұйықтағанда, ойнағанда бала жеңіл киінуі тиіс. Су, жылу деген проблеманың шешілетін уақыты бола ма?"- дейді Лиза Абыл.

Жағдайға байланысты Ақтау қалалық білім бөлімі түсініктеме берілді. Күннің күрт суытуына байланысты мектептерде 45 минуттық сабақ 30 минутқа қысқарды.

"Ақтау бойынша білім беру ұйымдарында ауа райының қолайсыздығына байланысты оқу кабинеттерінде төмен температура байқалады. Бұл жылу қысымының төмендеуіне байланысты. Оқу процесін үзбеу үшін білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен бірлесіп сабақтарды 30 минутқа дейін қысқарту келісілді. Балаларды жылы киіндірулеріңізді сұраймыз, өйткені ең бастысы олардың денсаулығы", - делінеді Ақтау қалалық білім бөлімінің хабарламасында.

Күн суытуына байланысты еліміздің кейбір қалаларында сабақ онлайн режимінде өтіп жатыр. Ақтауда бұл әдіс әлі қолға алынған жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу