Бұл жағдайға өңірлердегі жайсыз ауа райы себеп болғаны нақтыланады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Air Astana әуекомпаниялар тобының атынан Ақтау және Атырауға ұшатын рейстердің ауа райының бұзылуына және Ақтау, Атырауға ұшатын ұшақтарда мұзға қарсы өңдеу жұмыстарын атқару мүмкін болмай жатқанына байланысты кешігіп жатқанын хабарлаймыз, – делінген аталған әуе компания хабарламасында.
Жолаушыларға әуежайға шықпас бұрын рейске қатысты ақпаратты ресми сайттан немесе мобильді қолданбадан қарау ұсынылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу