Ақтау мен Атырау қалаларын күйіктің иісі жайлады

199

Аталған оқиға бойынша өңірлік экология департаменті мәлімдеме жасады.

Ақтау мен Атырау қалаларын күйіктің иісі жайлады Фото: mk.ru

Бүгін, 14 қазан таңертең Ақтаудың бірнеше шағын ауданында күйіктің өткір иісі сезіліп, тұрғындарды алаңдатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті өңірде ешқандай өрт оқиғасы тіркелмегенін айтты.

Экология департаментінің мәліметінше, иіс Атырау облысында жанып жатқан қамыстың түтінінен тараған. Жел бағытының өзгеруіне байланысты түтін Ақтауға дейін жеткен.

Еске сала кетейік, 7 қазанда Атырау өңірінде де осындай иіс байқалған болатын. Сол кезде өрт Каспий теңізінен шамамен 20 шақырым жерде, қамысты алқапта шыққан.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, 12 қазанда сағат 15:00-дегі жағдай бойынша жану алаңы 60 гектарға жуық болған. Оның 55 гектары сөндіріліп, қалған 5 гектарда өртті өшіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу