Ақтау мен Мұнайлыда электр энергиясының тарифі өспейтін болды

593

Бұл мәселе келесі жылдың наурыз айына дейін көтерілмейді. 

Ақтау мен Мұнайлыда электр энергиясының тарифі өспейтін болды

Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданын электр тогымен қамтамасыз ететін "AllianceEnergoSnab-Актау" компаниясы бір ай бұрын қоғамдық тыңдау өткізген болатын. Онда мекеме тұрғындарға электр қуатының бағасын Мұнайлы ауданында 14 теңге 43 тиыннан 15 теңгеге, ал ақтаулықтар үшін 15 теңге 96 тиыннан 16 теңге 83 тиынға көтеруге ниетті екенін жеткізген. 

Серіктестіктің осы жаздан бастап тарифті көтеру туралы өкілетті органға жазбаша түрде жолдаған ұсынысы қабылданбаған. Өңірлік табиғи монополияларды реттеу департаменті сұранымды кері қайтарып, наурыз айына дейін тарифтің көтерілмейтінін хабарлады.

"Маңғыстау облысындағы елді мекендерді токпен жабдықтауға 7 мекеме жауапты. Олар қалалық энергокомбинат өндірген электр энергиясын тасымалдаумен айналысады. Биыл 29 маусымда энергетика министрлігі шығарған жарлыққа сәйкес елімізде тариф өзгергені мәлім. Осыған сай энергокомбинат қолданыстағы бағаны 12 теңге 12 тиыннан 13 теңге 10 тиынға көтерді. Жоғарыдағы сұранымның туындауына да осы себеп болған еді. Алайда серіктестік ұсынған құжаттарға қатысты кейбір сұрақтар туындады. Біз 16 қыркүйекте тарифтің орынсыз көтерілуіне жол бермеуге қатысты айтылған Президент тапсырмасына орай шешім қабылдадық", –  дейді ҚР табиғи монополияларды реттеу комитеті аймақтық департаментінің басшысы Жандос Сәлімов.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу