Асыл Бөлекбаев 2010 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Академиясының заң институтын бітірген.
Ішкі істер органдарында 2006 жылдан бастап жұмыс істейді.
Ол өз қызметін учаскелік полиция инспекторы болып бастады. Көптеген жыл бойы жол полициясы саласында еңбек еткен. 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.