Ақтау порты мен Баутино теңіз әкімшілігі 4 елдің кемелерін тексерді

1560

Ақтау порты мен Баутино теңіз әкімшілігі 4 елдің кемелерін тексерді

Ақтау және Баутино теңіз порттарының әкімшілігі құрғақ жүк кемелерін пайдалану қауіпсізідігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Шара аясында Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Иран елдерінің 53 құрғақ жүк таситын кемесі қаралды.

Оның нәтижесінде анықталған ақауларды жойғанға дейін 4 кеменің, яғни, Иранның 3 кемесі мен Ресейдің 1 кемесінің жұмысы тоқтатылды. 

Сонымен бірге, Иранның 5 кемесіне порттан кеткенге дейін ескертулерді жоюға нұсқау берілді. Ескертулер экипаж құрамының құзыретіне қатысты болды. 

Ақтау порты мен Баутино теңіз әкімшілігі осы елдердің теңіз порты билігіне халықаралық кеме жүзу қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай келмейтін кемелерді жібермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы хат жолдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу