Ақтау портында екі айлақтың құрылысы басталады

284

Қытайдан шыққан темір жол Қазақстанды көктей өтіп, Каспийге жетеді. Мұнда Құрық және Ақтау портары бар. 

Ақтау портында екі айлақтың құрылысы басталады Фото: crudeaccountability.org

Елдің басты теңіз қақпасы жылына 12 млн тоннаға жуық жүк қабылдап, жан-жаққа жөнелте алады. Ақтау портына негізінен Бакуден кеме көп келеді. Бұған дейін бауырлас мемлекеттер арасында жүк таситын 7 су көлігі тұрақты қатынаса, биыл тамызда тағы 3 кеме қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24KZ телеарнасына сілтеме жасап. 

Одан бөлек, отандық экспорттың көлемі артты. Қытайдан еліміз арқылы шетелге шығатын транзиттік тасымалда көбейді. Енді порттағы жұмыстар цифрландырылып, контейнерлік хаб жұмысын ширатты.

– 2028 жылға дейін Қазақстан жағынан 20 кемеге дейін жеткізу жоспары бар. Соның 6-уы жаңадан құрастырылған кеме болады. Өткен жылы 4 млн 909 мың тонна жүк жөнелтілді, енді биылғы жоспар бойынша 5 млн 909 мың тонна жүк жөнелтуіміз керек. Соның ішінде ТМТМ басым бағыты бойынша жүріп жатқан контейнерлік жүк жөнелту. Оның былтырғы жылы тиегеніміз 63 мың ЖФЭ контейнер болды. Бүгінгі таңда 93 мың контейнерді тиеуге бізде бүгінгі таңда мүмкіндік бар, – деді "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ҰК Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Айтжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу