Ақтау портында контейнер тасымалы 80%-ға артты

330

​Бұл туралы "ҚТЖ" ҰК баспасөз қызметі хабарлады.  

Ақтау портында контейнер тасымалы 80%-ға артты Фото: vesti.az

Ақтау порты арқылы контейнерлік жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылғы қыркүйекте портта 10 186 TEU өңделіп, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80%-ға жоғары болды.

Компанияның мәліметінше, аталған көрсеткіш порт тарихындағы ең жоғары нәтижелердің бірі саналады. Бұл Каспий теңізі арқылы контейнерлік тасымалдарға сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді.

"Қол жеткізілген нәтиже порт үшін жаңа рекордтық көрсеткіш болды және Каспий теңізі арқылы контейнерлік тасымалдарға сұраныстың тұрақты өсімін көрсетеді", – делінген хабарламада.

Тасымал көлемінің өсуіне Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк ағынының артуы, контейнерлік инфрақұрылымның дамуы және теміржол мен порттағы жүк өңдеу мүмкіндіктерінің кеңеюі ықпал еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу