Ақтау портында шетелдік кемеден ірі көлемде контрабандалық темекі өнімдері табылды

1456

Табылған темекі өнімдерінің құны экономикалық тергеу қызметінің Маңғыстау облысы бойынша тиісті сараптамасынан кейін анықталады.

Ақтау портында шетелдік кемеден ірі көлемде контрабандалық темекі өнімдері табылды

Ақтау портында шекарашылар темекі өнімдерінің үлкен контрабандалық партиясын тоқтатты, деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.

"Ақтау теңіз портына келген шетелдік кемелердің бірін тексеру кезінде шекарашылар мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерімен бірге Маңғыстау облысы бойынша 12 контейнерді әшкереледі. Оларың ішінен акциздік маркасы жоқ 16 349 қап, 797 738 блок, 8 041 080 қорап темекі бұйымдары табылды", – делінген ақпаратта.

Контейнерлер пломбаланып, қазіргі уақытта порттың уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған.

Табылған темекі өнімдерінің құны экономикалық тергеу қызметінің Маңғыстау облысы бойынша тиісті сараптамасынан кейін анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу