Ақтау портында түбін тереңдету жұмыстары жеделдетіледі

530

Қазіргі уақытта арнайы техникаларды жұмылдыру қарқынды жүргізіліп жатыр. 

Ақтау портында түбін тереңдету жұмыстары жеделдетіледі Фото: portaktau.kz

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде вице-министр Жәнібек Тайжановтың төрағалығымен Ақтау порты акваториясын тереңдету жобасы бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кеңеске "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ҰК" АҚ өкілдері, сондай-ақ мердігер ұйым – "China Harbour Engineering Company Ltd" компаниясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жобаны іске асырудың өзекті мәселелері мен дайындық жұмыстарының барысы қаралды. Мердігер ұйымның мәліметінше, қазіргі уақытта арнайы техникаларды жұмылдыру және топырақ үйінділері карталары бойынша құрылыс алаңын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Кеңес қорытындысы бойынша түбін тереңдету жұмыстарын жеделдетуді және жобаны уақытылы іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жобаны жүзеге асыру Транскаспий халықаралық көлік бағытының өткізу қабілетін арттыруға және Қазақстанның теңіз логистикасының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу