Ақтау портында жаңа мұнай құю танкерлерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті

415

Мұнай құю танкерлері "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) мен Abu Dhabi Ports Group (ADP) арасындағы ынтымақтастық аясында сатып алынды.  

Ақтау портында жаңа мұнай құю танкерлерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті Фото: ҚМГ баспасөз қызметі

26 қарашада Ақтау портында "Taraz" және "Liwa" танкерлерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұнай құю танкерлері "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) мен Abu Dhabi Ports Group (ADP) арасындағы ынтымақтастық аясында сатып алынды. Дедвейті 8000 тонна жаңа кемелердің иесі — "Caspian Integrated Maritime Solutions Ltd" (CIMS) бірлескен кәсіпорны. Бұл компанияның акционерлері — "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК" ЖШС (ҚМГ еншілес кәсіпорны) мен International Maritime Investments Ltd (ADP еншілес ұйымы).

Салтанатты іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Қазақстан Республикасындағы елшісі Мұхаммед Саид Әл-Арики, ADP Басқарма Төрағасы Мұхаммед Джума Әл-Шамиси, "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК" ЖШС Бас директоры Айдар Оржанов және т. б. құрметті қонақтар қатысты.

ҚМГ басшысы іс-шарада сөйлеген сөзінде танкерлерді сатып алу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық көмірсутек тасымалы экспортының бағыттарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылғанын атап өтті.

"Біз жаңа танкерлерді сатып алып, Транскаспий бағытын дамытуға маңызды қадам жасадық.  Бұл ретте Abu Dhabi Ports Group Басқарма Төрағасы Мұхаммед Әл-Шамиси мырзаға жемісті ынтымақтастық қарым-қатынасымыз және бірлескен жобаны табысты жүзеге асырғанымыз үшін алғыс білдіремін. Болашақта жаһандық логистика нарығына шығып, қызметін қарқынды дамытуды мақсат етіп отырған біздің бірлескен кәсіпорын үшін бұл өз флотын кеңейтуге жол ашады", — деді өз сөзінде М.Мырзағалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу