Ақтау сотының төрағасы қамауға алынды

325

Бауыржан Шайдуллин 2020 жылғы қаңтарда Ақтау қалалық сотының басшысы қызметіне тағайындалды.  

Ақтау сотының төрағасы қамауға алынды Фото: Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин қамауға алынды. Бұл туралы 7 маусымда ҚР Жоғарғы соты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жоғарғы сот хабарына қарағанда, ұстау операциясын Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік басқармасы мен Антикор ұйымдастырған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Бауыржан Шайдуллиннің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол қылмыстық іс бойынша "мәселені шешкені үшін" 18 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгені айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу