Ақтау теңіз порты арқылы 260 мың тонна астық экспортталды

910

Ақтау теңіз порты арқылы 260 мың тонна астық экспортталды

Ақтау теңіз портындағы "Ақбидай" терминалы қуатын арттырып, тәулігіне 130 вагон астықты қабылдап-өткізіп жатыр. Өткен тоғыз айда 260 мың тонна бидай Каспий жағалауы елдеріне жөнелтілген. Жыл соңына дейін жалпы көлемі 500 мың тонна астықты көршілес мемлекеттерге теңіз арқылы жіберу жоспарланған, деп хабарлайды 24.kz.

Қазақ бидайы негізінен Иран мен Әзербайжанға экспортталады. Еліміздің теңіз қақпасы "Нұрлы жол" мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында солтүстік бағытта 200 шақырымға кеңейгені мәлім. Сәйкесінше порт аумағында қосымша астық терминалы бой көтерді. Заман талабына сай салынған кешенде астық бұзылмай сақталады.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан ақпарға сүйенсек, биылғы жыл толымды көрсеткіштермен аяқталмақ. Диқандар қазірдің өзінде 20 млн тоннадан астам бидайды қамбаларға жинап алды. Егін науқаны әлі де жалғасып жатқаны бізді қуантады. Сәйкесінше шет мемлекеттерге жіберілуі тиіс астықты белгіленген кесте бойынша экспорттайтын боламыз", - дейді "Ақбидай" астық терминалы АҚ басқарма төрағасы Рафаэль Галямов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу