“Ақтау” теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу 24%-ға өсті

Мұнайды ауыстырып тиеу 2022 жылмен салыстырғанда 58%-ға артты. 

“Ақтау” теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу 24%-ға өсті Фото: portaktau.kz

2023 жылдың 7 айында Ақтау теңіз сауда порты арқылы 2,6 млн тоннадан астам құрғақ және мұнай жүктері ауыстырылып, тиелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға жоғары.

Порт арқылы 142 мың тонна астық, 114 мың тонна металл тасымалданып, 13 мыңнан астам контейнерге қызмет көрсетті. Мұнайды ауыстырып тиеу 2022 жылмен салыстырғанда 58%-ға артты. Өсім 2,1 млн тоннаны құрады. Көрсеткіш қазақстандық мұнай экспортын “Баку-Тбилиси-Джейхан” бағытына қайта бағдарлау есебінен ұлғайды. Сондай-ақ “Ақтау” порты арқылы түсті металдар экспорты өсіп, соның есебінен металл тасымалдау 87%-ға артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу