Ақтау теңіз порты жаңа кемелермен толықты

1071

Ақтау теңіз порты жаңа кемелермен толықты

Бүгін Ақтау портында "Ембі" және "Талас" (буксир) сүйреткіш кемелерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жоба "Қазақтеңізкөлікфлоты" үшін үш сүйреткіштің толық жабдықталуын қамтамасыз ету мақсатында "Damen" кеме жасау компаниясы және "Al Hilal" ислам банкі мен отандық теңіз флоты арасында қаржылық келісімнің шартына сәйкес жүзеге асырылуда. Үшінші сүйреткіш кемесін жабдықтау жұмыстары келесі жылы аяқталады.

Ұзындығы 27 метр және ені 9 метр буксирлер Солтүстік Каспийдің суы таяз аймақтарында жүзеді. Буксирлердің негізгі міндеті – кемелерді сүйреу, ассистенттік қызметтерді ұсыну, навигациялық көмек көрсету және зәкірлерді өңдеу. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу