Ақтау теңіз портына халықаралық мәртебе берілді

674

Үкімет тиісті қаулы қабылдады.

Ақтау теңіз портына халықаралық мәртебе берілді Фото: portaktau.kz

Ақтау теңіз сауда порты халықаралық мәртебеге ие болды, деп жазады inbusiness.kz.

"Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесі берілсін", - делінген құжатта.

Үкіметтің қаулысы 2023 жылғы 21 қыркүйекте қолданысқа енгізілді.

Құжат Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 шілдедегі жаңа геосаяси жағдайларда республиканың көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша тапсырмасына сәйкес қабылданды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңіз порттарын Каспий теңізінің жетекші хабтарының біріне айналдыруды тапсырған болатын.

Айта кету керек, 2018 жылдың қыркүйегіне дейін Ақтау теңіз сауда портында халықаралық мәртебе болған. Бірақ кейін Үкіметтің қаулысымен бұл мәртебе алынып тасталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу