Ақтау теңіз портына халықаралық мәртебе қайтарылады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін  беру және үкіметтің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтау теңіз портына халықаралық мәртебе қайтарылады Фото: Kazgazeta.kz

"Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесі берілсін", - деп жазылған құжатта.

Сонымен қатар, құжатта "Ақтау теңіз сауда порты" Ұлттық компаниясы" АҚ "Ақтау Интернешнл" Ұлттық компаниясы" АҚ атауын өзгерту туралы көрсетілген.

Жоба мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 шілдедегі жаңа геосаяси жағдайларда республиканың көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселелері жөніндегі кеңес қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.  Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев теңіз порттарын Каспий теңізінің жетекші тораптарының біріне айналдыруды тапсырды.

Құжат Ашық НҚА сайтында 27 сәуірге дейін орналастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу