Ақтау теңіз портында "Контейнерлік хаб" құру жоспарлануда – ҚР ИИДМ

902

Транскаспий бағдары бойынша жүк тасымалын дамыту мақсатында "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында "Контейнерлік хаб" құру жоспарлануда. Бұл жобаны іске асыру үшін Сингапурдың PSA International компаниясымен келіссөздер жүргізілген. ҚР Үкіметі отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтау теңіз портында "Контейнерлік хаб" құру жоспарлануда – ҚР ИИДМ

Сонымен қатар Maersk, MSC және Cosco Shipping сияқты әлемдік контейнерлік операторларының паркін тарту көзделуде.

Министрдің сөзіне сүйенсек, теңіз тасымалы саласында сондай-ақ жеке бизнесті тарта отырып, сауда флотын 4 пароммен толықтыру жоспарланып отыр. Жалпы биыл 4 млн тоннадай экспорттық жүкті қайта бағдарлауды ескере отырып, Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымал көлемін 10 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу