Ақтау теңіз сауда порты ЕҚЫҰ-ның "Жасыл порт" сертификатын алды

552

"Ақтау теңіз сауда порты" Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының "EcoPorts Pers" сертификатын алды. Осылайша, Қазақстандағы алғашқы "Жасыл порт" атанды. Сертификаттау экологиялық менеджменттің бүкіл әлемдік стандарты бойынша берілген.

Ақтау теңіз сауда порты ЕҚЫҰ-ның "Жасыл порт" сертификатын алды

Халықаралық сертификатты табыстау шарасына ЕҚЫҰ-ның Еуропадан келген делегациясы мен осы ұйымның энергетикалық қауіпсіздік саласындағы бағдарламалар жөніндегі аға қызметкері Дэниел Кросс, ЕҚЫҰ хатшылығы өкілдері қатысты. Олар Ақтау портының Еуразияның логистикалық және сауда орталығына айналуға мүмкіндік ашқанын, ірі порттармен ынтымақтасуға болатынын атап өтті.  

Ақтау порты сертификаттауды 2020-2021 жылдар аралығында ЕҚЫҰ-ның жұмыс қорытындысы бойынша, Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен және ұйымның экономикалық, экологиялық қызметті үйлестіруші бюросымен бірлесіп жүргізген. 

"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты "Порттардың экологиялық сараптама жүйесіндегі" жасыл порт сертификатын алу үшін бір жылдан астам уақыт ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы кеңсесімен аянбай тер төкті. Бұл сертификат біздің халықаралық және еуропалық деңгейде жұмыс жасай алатынымызды көрсетеді. Ақтау сауда порты экологиялық, жұмыс процесі барысындағы қауіпсіздік стандарттарына толық жауап береді. Бұл өз кезегінде біздің тұтынушылар алдында барлық талаптарға сәйкес келетін, жоғары сапалы қызмет көрсететін порт екенімізді көрсетеді", – деді Ақтау халықаралық теңіз сауда портының төрағасы Абай Түрікпенбаев.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу