Кеме – "Қазақтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясына тиесілі. "Сұңқар" кемесі осы уақытқа дейін компанияның мамандандырылған флот қатарындағы кеме болған.
Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі және жалпы әлемдегі контейнерлік тасымалдарға деген қажеттілік пен сұраныстың жоғары болуына байланысты кеме қайта жасақталып, модернизацияланған.
"Сұңқардың" контейнерлік кеме ретінде алғаш жолға шығуы салтанатты түрде өтті. Мерейлі шараға "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ, Қазақстандағы "Транскаспий халықаралық көлік бағдары" халықаралық қауымдастығының бас хатшысы, Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі өкілдері қатысты.
Тасым Жаңай