Ақтау-Түмен арасында екіжақты байланыс нығайды ⠀

641

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов пен РФ Түмен облысының инвестициялық саясат және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті Инвестициялар, ілгерілету және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Александр Горлатовпен кездесті. 

Ақтау-Түмен арасында екіжақты байланыс нығайды  ⠀ Фото: inbusiness.kz

Келіссөздер барысында Түмен мұнай-газ кластерімен әріптестік орнату, екіжақты сауда-экономикалық қатынастарын нығайту мәселесі талқыланды.

“Түмен облысының ресми өкілімен кездесіп, екіжақты байланыс мәселесін талқыладық. Александр Сергеевичтің жұмыс сапарының басты мақсаты - Түмен облысының мүмкіндіктерімен таныстыру және жалпы байланыс орнату. Кездесу барысында туризм, медицина, университеттермен келісімшарт, тәжірибе алмасу жайында ұсыныстар айтылды”,- дейді Әбілқайыр Байпақов.

Ал Александр Горлатовтың айтуынша, сапарының басты мақсаты - екі тарапқа да тиімді шешімдерге келу және түрлі салалардағы әріптестікті нығайту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу