Ақтау тұрғын үй бағасының өсуі бойынша Қазақстанның үштігіне енді

574

Ақтауда бір жыл ішінде тұрғын үйдің бастапқы бағасы 24,3% қымбаттады.

Ақтау тұрғын үй бағасының өсуі бойынша Қазақстанның үштігіне енді Фото: inAktau

Осы жылдың наурыз айында Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы ақпанмен салыстырғанда 1,2% өсті. Республика бойынша орташа баға бір шаршы метр үшін 489 226 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бастапқы нарықтағы бағалар бір айда зерттелген 20 қаланың бесеуінде ғана өсті:

- Таразда: + 3,5%;

- Алматы: + 2%;

- Астана: + 1,4%;

- Қостанай: + 1,2%;

- Семей: + 0,9% 

Қалған 14 аймақта жаңа пәтерлердің құны ақпан айындағы көрсеткіште қалды.

Алайда, бір жылдағы өзгерістерге орай, 2023 жылдың наурызынан 2022 жылдың наурызына дейін жаңа ғимараттардағы пәтерлер ел бойынша орташа есеппен 9,3% қымбаттады. 

Ең жоғары баға үш қалада - Ақтөбеде + 25,4%, Ақтауда + 24,3% және Қостанайда + 19,3% көтерілді.

Ең төменгі өсім Шымкент, Көкшетау және Таразда байқалды: мұнда бастапқы бағалар 2 - 3,5% өсті. Талдықорған - еліміздегі үй бағасы өзгермеген жалғыз қала.                                                                                                                                                          

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу