Ақтау тұрғындары "көше концертін" тамашалай алады

801

Күн сайын кешке классикалық музыкалар ойналып тұрады.

Ақтау тұрғындары "көше концертін" тамашалай алады

Ақтауда жаңа бастама қолға алынды. Алдағы уақытта қала көшелерінде кешқұрым әлемдік және ұлттық классикалық музыкалар ойнап тұрмақ, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

"Көше концерті" деген ат қойылған шараның ерекшелігі, тұрғындар үшін әуезді әуендер көшедегі дауыс зорайтқыштар арқылы күн сайын ойнатылып тұрады. Бүгінгі таңда қала көшелерінде 650 дауыс зорайтқыш орнатылған. Олар қала тұрғындарына ақпарат беру, түрлі іс-шараларды музыкалық сүйемелдеу үшін қолданылып келген.

"Ақсақалдар мен қала тұрғындарының өтініші бойынша біз күнделікті белгіленген уақытта классикалық шығармалар мен күйлерді дауыс зорайтқыштар арқылы қоюды жоспарладық. Жалпы "көше концерті" тұрғындар жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанында қойылады. Классикалық музыканың пайдасы көп. Жаңа бастаманы қала тұрғындары мен қонақтары жақсы қабылдайды деген ойдамын", – дейді Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Дауыс зорайтқыштар арқылы қойылатын музыкалардың ішінде Чайковский, Вивальди, Моцарт сынды әлемдік классиктердің шығармаларымен бірге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей Шығайұлы мен Маңғыстаудың күйлері де бар.

Музыкалық шығармалар күн сайын 18:00 мен 20:00 аралығында қосылады.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу