Ақтау тұрғындары тағы сусыз қалды

565

Екібастұздағы сценарийдің қайталануынан қорыққан Ақтау билігі бұрын-соңды болмаған қадамға барды. Шенеуніктер жылуды үзбеу мақсатында ақтаулықтарды тіршілік нәрінен ажыратып тастады.

Ақтау тұрғындары тағы сусыз қалды

Әкімдік мұнысын шаһарды ауызсу, жылу және жарықпен қамтып отырған Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының әбден тозығы жеткенімен түсіндіреді. Алайда мұндай шешім облыс әкімі Ноғаевтың көңілінен шықпады. 

2 күннен бері облыс орталығындағы көпқабатты үйлерге су дұрыс келмейді. Суық және ыстық судан қатар қол үзген тұрғындар бос ыдыстың барлығына тіршілік нәрінің қорын жинап алуға тырысуда. Өйткені су бірде бар, бірде жоқ. Ал онысы қашан тұрақталары белгісіз. 

Жауаптылар ауызсуды тоқтатуға өңірдегі жалғыз энергокомбинаттағы жөндеу жұмыстар себеп" дейді. Оның үстіне ауа райы салқындап, ыстық суға сұраныс артқан. Сондықтан жылу құбырларындағы суды жоғалтып алмас үшін осы қадамға барыпты. Алайда басшылықтың мұндай шешімі облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың көңілінен шыға қоймаған тәрізді. Бүгін ала таңмен жиналыс ашып, "жұмыс істегілерің келмейді!" деп қол астындағыларға қатаң сөгіс жариялады.

"Қарастырып жатырмыз, ойлаймыз, көреміз" деген не сөз? Шықты ма проблема барып айту керек міне бүкіл күшті соған жұмсау керек, ешқайсысы шешім қабылдағысы келмей отыр. Шешім қабылдай алмайм дит Ізмағанбетов айтады. Ана жақта Есентүгелов отыр. Ешқайсысы ештеңе істегісі келмейді", дейді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Осылайша тағайындалғанына 2 ай болған Ақтаудың су жаңа әкімі, күні кеше еңбек демалысынан шыққан энергетика басқармасының басшысы, 20 күн бұрын әкімдік балансына өткен МАЭК басшылығы қатаң жазаға ілікті. 

Шаһар басшысы Ербол Ізбергенов жағдайдың өз бақылауында екенін айтып, тұрғындарға әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдап үлгерді. Ал энергокомбинаттағылар "Екібастұздағы сценарий Ақтауда қайталанбайды, ыстық су 2 тәуліктен соң беріледі" деп отыр.

Тойгүл Нұржанқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу