Аймақтық басылымның мәліметінше, оқиға 22 мамыр күні сағат 22:00-де болған. "103" қызметінің пультіне Ақтау тұрғынынан дәрі-дәрмекті көп мөлшерде қабылдағаны туралы хабарлама түскен.
"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткен кезде, ер адам мұны жай ғана әзіл үшін жасағанын мойындады", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Шақырту жалған деп танылып, азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабы (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Нәтижесінде, арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін Ақтау тұрғынына 117 960 теңге көлемінде айыппұл салынды.