Ақтау тұрғыны ұрланған көлікті табуға көмектесті

1038

Көлік БАҚ-қа шыққан хабарландырудан кейін табылған.

Ақтау тұрғыны ұрланған көлікті табуға көмектесті

Бүгін түнде ұрланған NissanX-terra көлігін Ақтау қаласының тұрғыны Приозерный кентінен тапқан. Машинадан аудиомагнитофон мен жеке заттар ұрланған. Бұл туралы көліктің иесі Дмитрий Худяков айтты.

Көлік БАҚ-қа шыққан хабарландырудан кейін табылған. Көлікті түнде ұрлап кеткен, ал бүгін сағат 13-тер шамасында көлік  Приозерный кентінен табылған.  

"Маған қоңырау шалып, көлігімнің Приозерный кентінде тұрғанын хабарлады. Айтқан жерге келсек, машина есігі ашық, кілтсіз тұр. Өзімде қосалқы кілт бар болатын. Машинадан аудиомагнитофон, ақша, құжат пен жұмыс жабдықтары ұрланған. Қол ұшын берген жандарға алғысымды білдеремін. Полицияға арыз жазғанбыз, бірақ та олардың көмегінсіз таптық", - деді ұрланған көліктің иесі Дмитрий Худяков.

Көлік иеснің айтуынша,  машинаның кілті қалтасынан түсіп  қалған. Ал қаскүнемдер оны тауып алып, көлікті ұрлап кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу