Ақтау тұрғыны жедел-жәрдем шақырғаны үшін 80 мың теңге төлейтін болды

618

Тұрғын "пранк" жасадым деп ақталған.  

Ақтау тұрғыны жедел-жәрдем шақырғаны үшін 80 мың теңге төлейтін болды Фото: Әсет Құндақбаев

Әзіл үшін жедел жәрдем қызметін шақырған азаматқа айыппұл салынды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, оқиға 14 қазан күні болған. Ақтау қаласының тұрғыны дәрі-дәрмекті шамадан тыс қабылдадым деп 103 қызметіне хабарласқан.

"Жедел жәрдем бригадасы шақыртуға шыққанда, қала тұрғыны пранк үшін қоңырау шалғанын айтты", - деп хабарлады медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 438-бабына сәйкес шақырту жалған болып тіркелді. Арнайы қызметті көрінеу жалған ақпарат таратып шақыртқаны үшін қала тұрғыны жазаланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу