Ақтау қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болды

457

Осыған орай, 5 сәуір күні Маңғыстау облысының орталығында салтанатты ашылу рәсімі өтпек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтау қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болды Фото: lada.kz

Аталған мәртебе  түркі халықтарының ортақ мәдениетін ұлықтап, ынтымақтастығын арттыруға бағытталған маңызды жоба.

Бұл мәртебе жыл сайын Түркі мемлекеттері ұйымы тарапынан бір қалаға беріліп отырады. Биыл бұл құрмет Ақтауға бұйырып отыр.

Салтанатты ашылу рәсімінде түркітілдес елдерден келген мәдениет майталмандары, өнер ұжымдары мен ресми делегациялар қатысады деп күтілуде.

Бағдарлама аясында концерттер, көрмелер, ғылыми-мәдени форумдар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптейтін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бүгін 4 сәуірде Ақтауда Түркі әлемінің мәдени астанасы жылы аясында іс-шаралар басталды. "Дархан дала" этноқалашығы ашылды.

Мұнда облыстағы 5 аудан мен 2 қаланың атынан этноауылдар бой көтерген. Әр ауыл өңірдің өзіндік ерекшелігін, тарихы мен мәдени мұрасын айшықтап көрмелер ұйымдастырды.

Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсететін шеберлік сабақтары өтуде. Ал "Шеберлер" ауылында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдерден келген қолөнер шеберлерінің ұлттық бұйымдары қойылды. Бүгін одан бөлек шетел өнерпаздарының концерттік бағдарламасы жоспарланған.

Ал, Маңғыстау облысының әкімдігі 5 сәуір күні тұрғындарды теңіз жағалауында өтетін "Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы" жылының ашылу салтанатына арналған шараға ұлттық киіммен келуді сұрайды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу