"Шығыс-2" шағын ауданының тұрғындары уақытша электр қауатынсыз отырмақ.
"АЭжББ" МКК хабарлағандай, 27, 29 және 30 маусымда "Шығыс-2" шағын ауданында әуе желілерінің тіректерін көшіру жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты сағат 09: 00 - 17:00-ге дейін электр қуаты өшіріледі, делінген хабарламада.
"Қазір жаз мезгілінде күн қайнап тұр. 32 градусқа дейін ыстық. Біз электр қуатын пайдаланбай қалай отырамыз? Тоңазытқышта тамақтарымыз бұзылып кетпей ме? Үйге қажетті техниканың бәрі токпен жасайды. Кейбірінің ас пісіретін пеші, кондиционер бәрі электр қуатымен жасайды. Мынадай ыстықта салқындатқыш қоспасақ қалай отырамыз? Бізді тығырықтан шығаратын басқа жолын таппай ма?"- дейді ренжулі тұрғындар.