26 қазанда Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 43-шақырымында жол апаты болды. Жолда төрт маркалы көлік: КамАЗ, Volkswagen Sharan, Lada және "ГАЗ 330253" соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы кеше 14:00 шамасында Ақтау-Жаңаөзен тасжолының 43 шақырымында болды.
"КамАЗ", Volkswagen Sharan, Lada және "ГАЗ 330253" маркалы төрт көлік соқтығысқан.
- Жол апаты салдарынан Lada маркалы автокөліктің 49 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жараланған төрт адам облыстық ауруханаға жеткізілді, деп түсіндірді мекеменің баспасөз қызметі.
Полиция өкілдері бұл оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелгенін атап өтті.
Өзге ақпарат тергеу кезінде жарияланбайды.