Ақтау және Баутино теңіз порттарында 2807 кеме тексеруден өтті

957

Ақтау және Баутино теңіз порттарында 2807 кеме тексеруден өтті

2015 жылы Ақтау теңіз портында Көлік комитетінің аумақтық бөлiмшесi болып табылатын Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі  өз қызметін бастады.

2016 жылдан бастап Теңіз порты әкімшілігі өз қызметін Баутино портында бастады. Бұл мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан теңіз порттарына кіретін теңіз кемелерін тексеру арқылы олардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету болып табылады, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Халықаралық конвенциялардың және ұлттық заңнамалардың талаптарына сәйкес, Теңіз порты әкімшілігінің инспекторы кемені тексеру барысында кеме экипажы мүшелерінің және командалық құрамның тиісті біліктілігін, кеме құжаттарын, кеменің техникалық жағдайын, құтқару және сигналдық құралдарының болуын, сонымен бірге, өрт сөндіру құралдарының жұмыс істеуін тексереді.     

2016 жылдың қорытындысы бойынша, Теңіз әкімшілігімен Ақтау теңіз портына кірген 1451 кеме және Баутино теңіз портына кірген 1356 кеме тексерілді. Соның ішінде:

Қазақстан Республикасының – 1623 кемесі;

Ресей Федерациясының – 225 кемесі;

Әзiрбайжан Республикасының – 523 кемесі;

Иран Ислам Республикасының  - 417 кемесі;

Түрікменстан Республикасының – 10  кемесі.

Жыл басынан бері Теңіз порты әкімшілігі инспекторларымен тексеріс барысында табылған  заң бұзушылықтарды жойып, қалпына келтіргенге дейін 10 кеме тоқтатылды. Соның ішінде: Иран Ислам Республикасының  - 6 кемесі, Қазақстан Республикасының – 1 кемесі, Әзербайжан Республикасының - 1 кемесі, Ресей Федерациясының – 1 кемесі және Түркіменстан Республикасының 1 – кемесі. Соның нәтижесінде заң бұзушылықтарды жою жөнінде 6 ұйғарым берілді.

Кемелерді тоқтатудың негізгі себептері навигациялық жабдықтардың істен шығуы, кеме экипажы мүшелерінің және командалық құрамның толық болмауы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу