Ақтауда "Масат" базары өртке оранды

767

Ақтауда "Масат" базары өртке оранды

Ақтауда "Масат" базарынан өрт шықты, деп хабарлайды 24.kz арнасы. Тілсіз жау 500 шаршы метр жерді шарпыған. Қызыл жалын салдарынан 16 контейнер мен 120 сауда орнының күлі көкке ұшты.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнынан базардың 4 қызметкері қауіпсіз жерге шығарылды.

Құтқарушылар өртті 2,5 сағатта сөндірді. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу