Маңғыстауда тоғыз айда жол апатынан 12 бала көз жұмып, 58-і түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Бұл туралы khabar.kz хабарлайды.
Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда, қайғылы дерек саны 18,3 пайызға азайған. Ол туралы Ақтауда "Жолда қабылдау" шарасында айтылды. Өңірде жыл басынан 229 жол апатында 59 азамат қаза тауып, 280 адам зардап шеккен. Өткен жылмен салыстырғанда, кісі өлімі 7,8 пайызға төмендеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу