Ақтауда 1 тамыздан бастап электр қуатын тұтыну тарифы өседі

530

Қазір баға 2 теңге 97 тиынды құраса, алдағы айда тұрғындар 3 теңге 80 тиын төлеуі тиіс. 

Ақтауда 1 тамыздан бастап электр қуатын тұтыну тарифы өседі Фото: Azattyq Ruhy

Коммуналдық кәсіпорын басшылығы бұдан түсетін қаржының басым бөлігін ескірген электр желілерін жаңалауға жұмсамақ. Қазір қала аумағында электр желілерінің 70%-і тозып тұр. Әсіресе аптап күндері энергожүйеге салмақ түсіп, соның салдарынан шағын аудандарда апатты өшу дерегі жиі тіркеліп отыр. 

- Қазақстан бойынша тозығы жету бойынша қызыл линияда тұрғасын, 6 мың 700 километр кабельді ауыстырсақ, "қызыл зонадан" шығамыз. Ол тек 1 жылға көтеріледі. Осының бағасын шығарып алу үшін осы кабельді ауыстырамыз. Сонда 33 шағын ауданның электр желісі тәуірленеді, деді қалалық электр желілері басқармасының бас инженері Әтірбек Махамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу