Ақтауда мүмкіндігі шектеулі 11 мың 77 адам бірреттік әлеуметтік көмек алмақ. Бүгіннен бастап оларды базаға тіркеу жұмыстары басталмақ. Қаражат әртүрлі банк және Қазпошта шоттары арқылы түседі.
"Базаға тіркеу және тексеру жұмыстары жүргізіледі. Өйткені қайтыс болған, көшіп кеткен және көшіп келген адамдар болуы мүмкін. Төлем барлығына әртүрлі банк шоттары мен Қазпошта арқылы түсірілетін болады", – дейді Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Алия Тоғызбаева.
Атаулы бір реттік әлеуметтік көмек қазан айының екінші жексенбісіне белгіленген – Мүгедектігі бар жандар күніне орай беріліп отыр.