Ақтауда 15 жасар қыз биіктен құлап, мерт болды

97

Қылмыстық іс қозғалды.

Ақтауда 15 жасар қыз биіктен құлап, мерт болды Фото: tgstat.ru

Ақтауда кәмелетке толмаған қыздың биіктен құлау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Lada.kz жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

6 сәуірде күндіз қаладағы тұрғын үйлердің бірінде 15 жастағы қыз биіктен құлап кеткен. Оқиға Ақтаудың 13-шағын ауданында болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, аумақ қоршауға алынды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша өз-өзіне қол жұмсау нұсқасы қарастырылып отыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу