Ақтауда 150-ден астам әке алимент төлеуден жалтарып жүр

452

Ақтау қаласында алимент бойынша қарыздар 250 млн теңгені құрайды.

Ақтауда 150-ден астам әке алимент төлеуден жалтарып жүр Фото: видеодан скриншот

Алимент төлемегені үшін бас бостандығынан айыруға болады, деп ескертеді Ақтау қаласының прокурорлары. Ведомствода борышкерлерді ойлануға шақырған әлеуметтік ролик түсірілді. Қалалық прокуратураның мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша  қалада 150-ден астам борышкер бар.

Ақтау прокуратурасы алимент төлемегендерге қатысты қатаң шаралар қолданатынын ескертті.

"Алимент төлеуден жалтарғаны үшін ҚР ҚК 139- бабы бойынша екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Яғни балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке жарамсыз ата-аналарды, еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асырауға қаражат төлеуден жалтару", - деп атап өтті Ақтау қаласының прокурорлары.

Мәселеге назар аудару үшін прокуратура қысқа метражды әлеуметтік ролик түсірді. Онда қадағалау органдары немқұрайлы әкелерге алимент төлеудің қаншалықты маңызды екенін және оларды төлемегені үшін қандай салдары болуы мүмкін екенін жеткізуге ұмтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу