Ақтауда 16 жасар қыз көпқабатты үйден құлап кетті

392

Жергілікті полиция "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша тергеуді бастады.  

Ақтауда 16 жасар қыз көпқабатты үйден құлап кетті Фото: lada.kz

Ақтау қаласында көпқабатты үйден құлаған 16 жасар қыздың өліміне қатысты тергеу амалдары басталды, деп жазады inbusiness.kz www.lada.kz порталына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 10 қазан сағат 19:00 шамасында 17 шағын ауданда мәйіттің табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанған.

"Зорлық-зомбылық белгілері жоқ 16 жасар қыздың денесі табылды. Бұл дерек ҚР ҚК 105-бабы бойынша қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу