Ақтауда 170 тонна қоқыс шығарылды

200

Бұл жолы экосақшылар облыстық "Ана мен бала" орталығын қоқыстан тазартты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтауда 170 тонна қоқыс шығарылды Фото: Бейнежазбадан

Маңғыстауда "Таза Қазақстан" акциясы жалғасын тапты. Тазалық акциясына 50-ден астам адам қатысты.

Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілермен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері бар.

Қолданысқа берілгеніне аз уақыт болса да, перинаталдық орталықтың жан-жағы құрылыс қалдықтары мен түрлі қоқыстарға толып қалған.

Жалпы жыл басынан бері тек Ақтау қаласы бойынша акция аясында 3 мыңға жуық мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлерімен бірге 34 арнайы техника жұмылдырылып, 15 жерден 170 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу