Ақтауда 2 оқушыны көлік қағып кетті

180

Оқиға Шығыс-2 және Шығыс-3 шағын ауданы арасындағы жолда болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтауда 2 оқушыны көлік қағып кетті Фото: Видеодан скриншот

Балалар ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Біреуінде бас ми жарақаты, бірінші сатыдағы қарыншаішілік қан кету және беті мен денесінің сынықтары бар. Жағдайы ауыр. Ал екінші бала ес-түссіз, комада жансақтау бөлімінде жатыр", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу