Маңғыстау облысында криминогенді ахуалдың тұрақтылығына полиция қызметінің материалды-техникалық базасының күшейтілуі ықпал етті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды .
Бір жыл ішінде 45 арнайы автокөлік, 217 портативті және 40 бейнебақылау камерасы сатып алынды.
Облыста 172 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның көмегімен 210 қылмыс ашылып, 30 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 2017 жылы облыс әкімдігінің қолдауымен Ақтау қаласына тағы 500 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.
"100 нақты қадам" ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында, сонымен қатар қоғаммен байланысты нығайту, жергілікті полиция қызметінің беделін арттыру мақсатында, Маңғыстау облысы әкімдігі "Метрополитен – бизнес мектебі" халықаралық академия базасында "Ішкі істер қызметкерлерінің тиімділігі" бағдарламасымен ЖПҚ 200 қызметкерін кешенді түрде оқытуды ұйымдастырды.
ІІД автотұрағынан жергілікті полиция қызметі бөлімшесіне 227 автокөлік бөлінсе, 2016 жылы 43 қызметтік автокөлік алуға жергілікті бюджеттен 302 млн теңге бөлінген.