Криминалдық полиция қызметкерлері 3 қыркүйекте Ақтау қаласының 28А шағын ауданында Changan автокөлігінің жүргізушісін тоқтатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Көлік құралын тексеру барысында полицейлер WAKA 64 электронды темекіні анықтап, тәркіледі. Одан әрі жүргізілген іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қаланың өнеркәсіптік аймағында орналасқан гараждардың біріне тінту жүргізді.
Нәтижесінде тағы 151 электронды темекі және 31 қаптама снюс анықталып, тәркіленді. Осылайша барлығы 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюс тәркіледі.
Аталған дерек бойынша заңнамаға сәйкес тиісті процестік шешім қабылданады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу