Оның он шақтысы травматологияға жіберіледі.
Мәселен, бір айдың ішінде, яғни 18 мамыр мен 18 маусым аралығында ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен 251 бала келген. Мамандар балалар жарақатының өсуін демалыс және балалардың көшеде уақыт өткізуімен байланыстырады. Олар жарақаттардың көбін ойын алаңдарында, велосипед айдағанда, теңізде шомылғанда, спортпен айналысқанда және жол апаттарынан алады.
"Біз науқастарға алған жарақатының дәрежесіне қарай медициналық көмек көрсетеміз. Негізінен балалар биіктен жиі құлап келеді. Сонымен қатар жол-көлік оқиғасынан кейінгі ауыр жарақаттар алады. Мысалы, бас жарақаттары, әртүрлі сынықтар. Басқа операциялар жасау өте қиын, тіпті, ота жасау мүмкін болмайтын жағдайлар да бар. Қалған жағдайда мүмкіндігінше ота жасаймыз", – дейді облыстық балалар ауруханасының травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Құрман Қайранов.