Ақтауда 256 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған азамат ұсталды

280

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Ақтауда 256 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған азамат ұсталды Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз айналымға шығару фактісінің жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

8 тамызда Ақтау қаласында табиғатты қорғау полициясы мен қалалық полиция қызметкерлерінің қатысуымен Toyota Prado автокөлігі тоқтатылған. Көлікті тексеру барысында жүксалғыштан жалпы салмағы 256 келі болатын 62 бекіре тұқымдас балық анықталды.

Полиция сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Браконьерлік және балық өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу жұмысы жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу